Тағайындау
1 мин оқу 262

Қарағанды ​​облысының бас экологы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бақтияр Жұматайұлы Санбаев Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бақтияр Санбаевтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін «төтенше жағдайлардан қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша және Орталық Қазақстан академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды ​​облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді.

2020 жылдың маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысының бас экологы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар