Саясат
1 мин оқу 235

Мемлекеттік кеңесші Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Бундестагтың &laquo;Германия-Орталық Азия&raquo; парламенттік тобының жетекшісі Ойген Шмидт бастаған депутаттармен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекеттік кеңесші Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын қамтыған ауқымды мәселелерді талқылады.

Ерлан Қарин Бундестаг депутаттарын елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мән-мазмұнымен және алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Германия Парламентінің делегациясы Қазақстандағы саяси жаңғырудың жүйелі жүзеге асып жатқанын жоғары бағалап, еліміздің демократиялық өзгерістерге бастаған жолына табыс тіледі.

Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар