Қоғам
1 мин оқу 244

Қазақстандағы көліктердің жартысынан көбі - ескі

<p class="article-excerpt" style="text-align: justify;">Қазіргі уақытта елімізде 4 млн 449 мың көлік бар. Қазақстанда&nbsp;20 жылдан аса уақыт өткен көліктердің саны 51 пайызға жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://new.stat.gov.kz/news/2022-zhyly-avtok-lik-sany-3-7-a-artty/?sphrase_id=28435" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ұлттық статистика бюросы</a>&nbsp;ұсынған деректерге сілтеме жасап.</p>

Қазақстандағы көліктердің жартысынан көбі - ескі

1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 449 мыңды құрады, оның:

  • 87,9 пайызы – жеңіл автомобильдер;
  • 10 пайызы – жүк автомобильдері;
  • 2,1 пайызы – автобустар.

Жалпы республикада 3 млн 696 мың жеңіл автокөлік жекеменшік иелігінде.

Бюро деректерінде Қазақстандағы көліктердің 51 пайызы 20 жыл бұрын шығарылғаны айтылған. Ал шыққанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер –  21 пайызды, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер – 14 пайызды, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер – 6 пайызды құрайды.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысы (472,5 мың), Алматы қаласы (448,2 мың) мен  Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (272,9 мың).

Бөлісу:
Қазақстандағы көліктердің жартысынан көбі - ескі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар