Александр Бублик Марсель турнирін жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен кездесті. Осыған дейін Александр өткен жылдың қазан айынан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы бірінші партияда сербиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.
Есесіне екіншісінде брейк жасаған Бублик қарымта қайырды – 6:3. Қазақстандық спортшы үшінші, шешуші сетті қос брейкпен бастады – 3:0. Бұдан кейін сербиялық спортшы брейк жасап, есепті қысқартты. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 6:4.
Александр ширек финалға шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингте 58-орындағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.