Қаржы
1 мин оқу 290
Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың нәтижесі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 445,65 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 447,68 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,75 теңгеден сатып алынып, 449,97 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,91 теңге, сату – 450,05 теңге.
Бөлісу: