Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақтөбе облысында «Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай» тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.
Қарағанды облысында «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында «Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.