Жаңалықтар
1 мин оқу 345
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Н.Қ.Әбдібековті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 маусым. № 845Нұрмұхамбет Қанапияұлы ӘБДІБЕКОВ
1961 жылы туған. Мәскеу тау-кен институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Шиелісай фосфорит руднигі тау-кен цехының ауысым шебері, учаске бастығы болып бастады. Ғылыммен, кәсіпкерлікпен шұғылданды. Ақтөбе және Атырау облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді. «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Ұлттық ғарыш агенттігінің департамент директоры, Индустрия және сауда министрлігінің комитет төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтеріне тағайындалды.
2012 жылғы ақпаннан – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.Бөлісу: