Білім
1 мин оқу 420

Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған сайт ашылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік тілді дамыту қорының Soyle.kz командасы &laquo;Казцинк&raquo; ЖШС-ның қолдауымен балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі алғашқы бірегей &laquo;Тәтті алма&raquo; онлайн-платформасын іске қосты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Платформа 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға, ата-аналарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне,  балабақша тәрбиешілеріне,  балалар орталықтарының оқытушыларына арналған.

Платформаның бірегейлігі - алғашында балалар сайтты ересектердің көмегімен меңгерсе, кейін сабақты өз бетінше жалғастыра алады. 

Сондай-ақ сайтта мектепке дейінгі және бастауыш мектеп мекемелері үшін қазақ және орыс тілдерінде оқытудың өзекті дидактикалық материалдары бар. Балаларға арналған 6 томдық «Тәтті алма» жинағының көркем шығармаларын аталмыш сайттың «Кітапхана» бөлімінен оқуға болады. 

Қазіргі уақытта №1 Soyle.kz онлайн-порталында әлемнің түкпір-түкпірінен 300 мыңға жуық пайдаланушы қазақ тілін үйреніп жатыр.

Бөлісу:
Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған сайт ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар