Экономика
2 мин оқу 420

Дала жұмысына дайындық

<p style="text-align: justify;">Қарағанды аймағында дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл дәнді дақылдар 1,1 млн гектар жерге себіледі. Бұдан бөлек, картоп пен көкөніс алқабы да ұлғаяды.</p>

Дала жұмысына дайындық

– 2023 жылы ауыл ша­руашылығы дақыл­дары­ның көктемгі егісі – 1 105,5 мың гектар. Бұл өткен жылғы деңгейден 43,7 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 957,2 мың гектарға, майлы дақылдар – 59 мың гектарға, жемшөп дақылдары 76,2 мың гектарға себіледі. Ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында картоп салу 12 мың гектар аумаққа жос­пар­­ланған. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 526 гектарға, көкөніс 1,7 мың гектарға артық, дейді ауыл шаруа­шылығы басқар­ма­сы­ның басшысы Асқар Санаубаров.

Басқарма басшысының айтуынша, тұқымға қа­тыс­ты проблема жоқ. Ре­про­дукциялы және элиталы тұ­қымдар сіңіріледі. Мұның сыртында, минералды ты­ң­айт­­­қыштарды да молынан қол­дану көзделіп отыр. Ма­ман­дардың сөзін­ше, бұл – жерді ұтымды пай­даланып, өнімділікті арт­тыруға аса қажет қадам.

Өңірде суармалы жердің көлемі де ұлғаятынын атап өтуге тиіспіз. Техникадан да мәселе туындамауға тиіс. Бас­қарма жария еткен деректерге жүгінсек, бү­гінде егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 248 егіс ке­ше­ні және 4774 сеп­кіш са­қадай сай.

Жанар-жағармайдан да тапшылық көрмейтінін айтады құзырлы орындар. Осы мақ­сатта арзандатылған ди­зель­мен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойыл­ған. Көктемгі егіс жұмыс­та­­рына фермерлер «Кең дала» жеңілдікті несие бағ­дарламасы бойынша мем­лекеттік қолдауды пай­да­ланады. Бұдан басқа, бюд­жеттен субсидиялар беруге, оның ішінде, тұқым шаруашылығын дамытуға, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар сатып алуға қаражат бөлінді.           

Қарағанды диқандары  көк­темгі егіске мамыр айынан бас­тап кірісеміз деп жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Дала жұмысына дайындық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар