Партия
2 мин оқу 350

Өнім бағасының өзектілігі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауыл&raquo; партиясы Алматы қаласындағы &laquo;Сайран&raquo; және &laquo;Мәскеу&raquo; метробекеттерінде &laquo;Өнімдер сөрелерде өспейді&raquo; атты фотокөрме ұйымдастырды. Іс-шараға Мәжіліс депутаттығына кандидат &ndash; Айбын Төреханов, Жандос Тұрсынғалиев, Қантай Әлібек, Алмас Мұхаметов, Ілияс Досхожаев, Анна Данченко, Қарақат Әбден қатысты.</p>

Өнім бағасының өзектілігі

Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Ауыл» ХДПП атынан түсетін кандидаттар фотокөрме аясында қала тұрғындарына партия сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Партияның азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша қолданатын тәсілдері жайлы айтты. Азық-түліктің шығу «төркінінен» түсінігі жоқ, «еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін дүкен қамтамасыз етеді» деп есептейтін бүгінгі буынның жетесіне жетердей үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

– Азық-түлік сөрелерде өспейді, сөрелерде баға өседі. Оның неліктен өсетінін және оны қалай тұрақтандыруға болатынын «Ауыл» партиясы жақсы біледі. Салалық  мемлекеттік органдар мен жалпы үкімет үшін негізгі және бірінші кезектегі міндет – өндіріс көлемін, әсіресе экологиялық таза өнім көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қайта өңдеу мен логистикалық инфрақұрылымды жолға қою. Өнімдер сөрелерге тікелей түсуі керек. Біз Мәжіліске барғанда азық-түлік нарығынан артық делдалдарды ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкін­дігінше жақындатамыз. Партияның Парламент Мәжілісіне ұмтылуындағы басты себептерінің бірі – осы, – деді кандидат Айбын Төреханов.

Метрода өтіп жатқан фотокөрмеге назар аударып, кандидаттардың үгіт-насихатына құлақ түрген жолаушы қалалықтар кандидаттардың ұстанымына қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Канди­даттар азық-түлік өндіру ісінің байыбына бармайтын, оны оңай шаруа деп ойлайтын қала жас­тарына азық-түлік өнімдерінің дүкен сөрелеріне қандай еңбекпен келетінін фотокөрме арқылы қызықты форматта көз алдарына келтіріп, сауал­дарына жауап берді.

«Ауыл» партиясының өкілдері бастапқы және терең қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салықтардың барлық түрін толық жою маңызды екенін айтты.

Бөлісу:
Өнім бағасының өзектілігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар