Елорда
1 мин оқу 400

Астанада конкурдан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді

<p style="text-align: justify;">Елордада 26 ақпан күні конкурдан &laquo;Арғымақ&raquo; ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жарысқа Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қалаларынан келген шабандоздар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жарыс бес бағыт бойынша өтеді.

  • Бірінші санат – «Балалар санаты». Кедергiлердiң биіктігі 110 см-ге дейін.
  • Екінші санат – «Дөнендер жарысы». Кедергiлердiң биіктігі 100 см-ге дейін.
  • Үшінші санат – «Бесті аттар». Кедергiлердiң биіктігі 120 см-ге дейін.
  • Төртінші санат – «6 жастан жоғары». Кедергілердің биіктігі 125 см-ге дейін.
  • Бесінші санат – «Еркін санаты». Кедергілердің биіктігі 130 см.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 12 000 000 теңге.

ьх

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені (Қарқаралы тас жолы, 1) мекен жайында өтеді.

Бөлісу:
Астанада конкурдан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар