Ауа райына байланысты бес өңірде жол жабылды
<p style="text-align: justify;">23 ақпан сағат 09:15-тегі ақпаратқа сәйкес бес өңірде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰК <a href="https://t.me/qazavtojol/899">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап. </p>
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.
Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабылды.