Оқиға
1 мин оқу 484

Пәкістан елшісі Қазақстаннан кететін болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Саджад Ахмед Сихармен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, екі елдің халықаралық алаңдардағы, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында елшіге Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.

Бөлісу:
Пәкістан елшісі Қазақстаннан кететін болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар