Аймақтар
1 мин оқу 352

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақтөбе облысында бірнеше автокөлік бір-біріне соқтығысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бүгін, 23 ақпанда Самара–Шымкент автожолында Маржанбұлақ аулының  маңында 11 автокөлік соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты нашар көріну салдарынан болған.

Зардап шеккендер жоқ.

«Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді», делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар