Оқиға
1 мин оқу 290

Түркістан облысында көшеден ер адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">22 ақпанда Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Полицейлер базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғынның мәйітін анықтады.
               
Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлама таратқан.
  
Нәтижесінде күдікті сол түні ұсталды. Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, соңы кісі өлімімен аяқталған.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен «Кісі өлтіру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 
Бөлісу: