Қазақстан
1 мин оқу 1,190

Түркияда 3 адамды құтқарған Мирта атты ит брифинг алаңына келді

<p style="text-align: justify;">Түркиядағы табиғи апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушыларымен және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен бірге кинологиялық топтар да қатысқан еді. ТЖМ өкілдері ОКҚ алаңында іздеу-құтқару жұмыстарының қорытындыларына арналған брифинг барысында олардың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мирта атты неміс овчаркасы кинолог-нұсқаушымен бірге ОКҚ алаңына келді. 

«Мирта Түркияда үйінділер астында қалған 3 адамды тапты. Сондай-ақ бельгиялық малинуа овчаркалары Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель, лабрадор Чарли Кинг, Гринпис есімді бордер колли, кинолог-нұсқаушылармен және құтқарушылар отрядтарымен бірге бірнеше күн бойы қираған нысандарда жұмыс істеп, әр адамның өмірі үшін күрескен», деп жазылған ОКҚ таратқан хабарламада.

ТЖМ өкілдері қазақстандық кинологиялық топтар іздестіру-құтқару жұмыстарында жақсы нәтижелер көрсетіп, үйінділер астында қалған адамдарды іздеу кезінде  жоғары біліктілігін растағанын айтты.

Бөлісу:
Түркияда 3 адамды құтқарған Мирта атты ит брифинг алаңына келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар