Экономика
1 мин оқу 480

Өткен жылы елімізде экспорт көлемі артты

<p style="text-align: justify;">2022 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы рекордтық көрсетішке, 134,4 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Өткен жылы елімізде экспорт көлемі артты

Сыртқы сауданың көп үлесін Атырау, Алматы, Астана қалалары құрайды. Атырау - 25 пайыз, Алматы - 21 пайыз, Астана - 11 пайыз. Ал керісінше, экспорты ең төмен Ұлытау, Жамбыл, Жетісу облыстары. Үш облыс жалпы экспорттың 0,6 пайызын ғана құрайды.

Ал сыртқы сауда айналымындағы өңірлердің өндіріс ерекшелігіне тоқталсақ:

Шикізат экспортайтын үздік 3 өңір (58,2 млрд доллар):

Атырау облысы (53,2%)
БҚО (13%)
Астана (9,7%)

Металл экспортайтын үздік 3 өңір (15,1 миллиард доллар):

Қарағанды (33,5%)

Павлодар (17,8%)

ШҚО (14,7%)

Дайын өнімді экспортайтын үздік 3 өңір (4,7 млрд доллар):

Алматы (51,2%)
Астана (14%)
Алматы облысы (7,1%)

Қазақстандағы тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (50 млрд доллар):

Алматы (43,1%)
Астана (11,4%)
Алматы облысы (8,0%)

Тұтыну тауарларын импорттайтын үздік 3 өңір (15 млрд доллар):

Алматы (54%);
Алматы облысы (14%);
Астана (7,7%).

Инвестициялық тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (11,6 млрд доллар):

Алматы (53%)
Астана (11,7%)
Алматы облысы (5,4%)

Бөлісу: