Теннис
1 мин оқу 200

Бублик – ширек финалда

<p style="text-align: justify;">Теннистен ерлер арасындағы Қазақ&shy;станның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан &laquo;ATP 250&raquo; турнирінің ширек финалына жолдама алды.</p>

Бублик –  ширек финалда

Ұзақ уақытқа жалғасқан сәтсіздіктен кейін жерлесіміз бірте-бірте ес жиып келеді. Осы турнирдің алғашқы кезеңінде әлемнің 67-ракеткасы сербиялық Филип Краиновичті үш сетте (7:5, 6:3, 6:4) тізе бүктірсе, екінші ай­налымда рейтингте 58-сатыға жайғасқан франциялық Грегуар Баррерді жарыс жолынан ығыстырып, ширек финалға шықты. Бір сағатқа жалғасқан матчта Бублик корт қо­жайынынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Бір айта кетерлігі, екі теннисші жуырда ғана Монпельеде өткен жарыста кездесіп, Бублик тартысты матчта қарсыласына 4:6, 7:6 (14:12), 6:7 (3:7) есебімен есе жіберген еді. Енді Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 116-орында тұрған нидерландтық Гийс Брувердің бірімен кездеседі.

Өкінішке қарай, Дубайдағы «WTA 1000» турнирінде сәтті өнер көрсетіп келе жатқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды.

Бөлісу: