Футбол
1 мин оқу 381

«Сити» сырт алаңда тең ойнады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Лейпциг&raquo; клубының қорғаушысы Йошко Гвардиоль Хосеп Гвардиола же&shy;тек&shy;шілік ететін &laquo;Манчестер Сити&raquo; клу&shy;бын тобықтан қақты.</p>

«Сити» сырт алаңда тең ойнады

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы алғашқы матчтары өз мәресіне жетті. Биылғы чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі «Ман­честер Сити» Германияға сапар шегіп, қолда тұрған жеңісінен айырылып қалды. Бірінші таймда Рияд Марез қонақтарды есепте алға шығарғанымен, екінші таймда хорватиялық Йошко Гвардиоль «Лейпцигке» тең нәтиже сыйлады – 1:1.

Сондай-ақ қатар өткен екінші матчта «Интер» өз алаңында «Порту» клубын қа­былдап, кездесудің 86-минутында Лукаку соққан жалғыз голдың арқасында жеңіске жетті – 1:0. Қарымта матчтар 14 наурызға жоспарланған.

Бөлісу: