Оқиға
1 мин оқу 281
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін, 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы - MPV 4.0. Эпицентр координаттары - 40,47°, солтүстікке қарай - 73,08°. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу: