Аймақтар
1 мин оқу 290

Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігі Алматыдағы топтық төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Кеше сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды.

«Дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде 11 күдікті ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар