Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайыз өсті. Ал жылдық мәнде алғанда өсім 23,7 пайызды құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық <a href="https://www.instagram.com/p/CpCKcYDoImo/?utm_source=ig_web_copy_link">статистика бюросына</a> сілтеме жасап.</p>

«Нан 0,3%, макарон өнімдері 0,7%, сары май 0,7%, сиыр еті 0,3%, күріш 1,5%, пияз 2,3%, қырыққабат 3,4%, сүзбе 0,2%, картоп 0,6%, сәбіз 0,8%, тұз 0,5%, айран 1,1% қымбаттады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат апта сайын барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан жиналады», делінген бюро мәліметінде.
2023 жылғы 21 ақпандағы деректерге сүйенсек, 1 л өсімдік майының орташа бағасы – 903 теңге, 1 келі рожки – 309 теңге, 1 келі күріш – 376 теңге.