Аймақтар
1 мин оқу 332

Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

<p style="text-align: justify;">Екібастұз қаласының полицейлері М.Жүсіп көшесінің бойында орналасқан құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Ер адамдар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұза отырып, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз елімізде жұмыс істеп жүрген. 

«Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының 54 жастағы жұмыс берушісіне  жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүзінде ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды»,  деді полиция бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов. 

Рейдтік шара 28 ақпанға дейін жалғасатын «Мигранттық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.

Бөлісу:
Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар