Хоккей
1 мин оқу 240

«Барыс» «Локомотив» командасынан жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін &laquo;Барыс&raquo; клубы елордада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің &laquo;Локомотив&raquo; (Ярославль) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Есепті алғашқы болып ресейлік клуб ашты. Ойынның 4-минутында «Барыс» хоккейшісі Михаил Рахманов есепті теңестірді.

Ал 7-минутта Павел Красковский «Локомотивті» алға шығарды.

Екінші кезеңнің 26-минутында Максим Осипов кездесудегі екінші шайбасын соқса, 27-минутта Сергей Андронов басымдықты арттыра түсті.

Оған 34-минутта қазақстандық командадан Дмитрий Шевченко бір шайбамен жауап қайырды.

Ойынның 44-минутында «Локомотив» хоккейшісі Степан Никулин мергендік танытса, қазақстандық Михаил Рахманов 47-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Енді Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф сатысы басталады. «Барыс» қазір турнир кестесінде 20-орынға түсіп, жарыстың аталған сатысына шығудан тыс қалды.

Бөлісу:
«Барыс» «Локомотив» командасынан жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар