Аймақтар
1 мин оқу 360

Ақтөбе облысында 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін полицейлер жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар