Ауа райы
1 мин оқу 370

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматыда түнде тұман, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар