Аймақтар
1 мин оқу 1,480

Түркістан тұрғынын ұрып-соғып, жылқысын әкеткендер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының тұрғынын ұрып-соғып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын әкеткендер ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Түркістан тұрғынын ұрып-соғып, жылқысын әкеткендер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар