Аймақтар
1 мин оқу 560

Атырауда оқушылар мен мұғалімдер мектеп ауласында алау жаққан

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері &laquo;Масленица&raquo; мерекесін атап өту үшін мектеп ауласында от жаққан видео тарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған оқиғаға қатысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-да тікелей эфирде түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.

«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарынан ешқандай келісім алмаған. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектеп директорына қатаң сөгіс берілді», деді Жасұлан Бисембиев.
Бөлісу: