Қоғам
1 мин оқу 673
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">2023 жылдың наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз сәрсенбіге сәйкес келді, сол себепті ол күн демалыс болып бекітілді.
Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.
Осылайша наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 4 күн демалады.
Сонымен қатар наурыз айында оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін көктемгі демалысқа шығады.
Бөлісу: