Қазақстанда жаңа мыс зауыты салынады
<p style="text-align: justify;">Елімізде тағы бір мыс өңдеу зауыты салынады. Өндірістік жобаны өзбекстандық кәсіпкер қолға алып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.youtube.com/watch?v=dBs5EwZjCsk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">«Хабар 24»</a> арнасына сілтеме жасап.</p>

Кәсіпорын шекаралас аймақтардың бірінде салынады. ИИДМ мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі инвестормен жаңа келіссөздерді талқылап жатыр. Жобаға 100 миллион долллар қаржы салынады. Инвестор өндіріс көлемін 15 миллион шаршы метрге жеткізіп, 100-ден аса жұмыс орнын қамтуды жоспарлап отыр.
«3D принтер жұмыс істеп тұр. Онымен керамика әрленеді. Шикізат сырттан тасымалданбайды. Өзбекстанда осындай 2 зауыт істеп тұр. Жақында үшінші зауыт ашылады», деді инвестор.
Енді инвестор Қазақстанда мыс өңдеу зауытын ашпақшы.
«Қазақстанда металл көп. Өндіріс көлемі Өзбекстаннан 4 есе жоғары. Қазақстанда 450 мың тонна мыс шығарылады», деді ол.