Білім
1 мин оқу 280

Қазақстанда білікті зооинженерлер даярланады

<p style="text-align: justify;">Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білікті зооинженерлерді дайындамақ. ЖОО-да &laquo;Технология және биоресурстар&raquo; факультетінің атауын &laquo;Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы&raquo;, ал &laquo;Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы&raquo; кафедрасының атауын &laquo;Зооинженерия&raquo;&nbsp; кафедрасына өзгерту, сол арқылы осы бағыт бойынша мамандарды даярлауды күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ауыл шаруашылығы министрлігіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/512933?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>

Қазақстанда білікті зооинженерлер даярланады

Факультет түлектері ауыл шаруашылығы жануарларының генетикасы мен селекциясымен, зоотехникалық және асыл тұқымды есепке алумен айналыса алады. Сондай-ақ олардың құзыретіне мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мен бақылау кіреді.

Жақында университетте өткен байқаудың нәтижесі бойынша факультет деканы мен кафедра меңгерушісі қайта тағайындалды. Олар өздерінің біліктілігі мен білімін, сондай-ақ ғылым мен жоғары білім саласындағы жұмыс тәжірибесін көрнекі түрде көрсете алды.

Қазіргі кезде мал шаруашылығы саласында білікті мамандар тапшы болып тұр.

Жақын арада кадрларды, оның ішінде зооинженерлерді даярлау үшін ҚазҰАЗУ-да жетекші шетелдік профессорлардың қатысуымен оқу бағдарламаларын жаңғырту, сондай-ақ студенттерді практикалық оқытуды күшейту жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қазақстанда білікті зооинженерлер даярланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар