Әлем
1 мин оқу 352

Италияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Италияда кеме апатқа ұшырап 59 адам қаза тапты. Олардың ішінде 12 бала бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Италияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Кеме Кротон маңына тоқтауға тырысқан кезде, қатты дауылдың әсерінен апатқа ұшыраған.

Бортта Ауғанстан, Пәкістан, Сомали және Ираннан келе жатқан мигранттар болған. Итальяндық шенеуніктердің айтуынша, қайтыс болғандардың арасында нәресте бар. Оқиға орнына келген ішкі істер министрі Маттео Пьянтедози 30-ға жуық адамның жоғалып кеткенін айтты.

Қаза тапқандардың мәйіті Калабрия аймағына жақын маңдағы теңіз курорты жағажайынан табылды. Жағалау күзетшілері 80 адамның аман-есен табылғанын хабарлады. Мигранттар Түркиядан Италияға бағыт алған. Кеме дауылды ауа-райының кесірінен жартасқа соғылып, суға батып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кеменің сынықтарын көруге болады. .

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

«Кемеде 200 адам болған болуы мүмкін. 60 адам әлі табылған жоқ», дейді құтқарушылар.

">

Бөлісу:
Италияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар