Қазақстан
1 мин оқу 280

Жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 70-ке жуық сайт бұғатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, ІІМ мамандары есірткінің таралуы туралы ақпарат таратылған сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернетті бақылап отырады.

Былтыр «Кибернадзорға» есірткі жарнамалайтын 1996 сайт бұғаттауға жіберілген, оның 1493-і бұғатталды.

«Осылайша, 2022 жылы аумақтық бөлімшелер телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні таратумен айналысқан 632 адамды ұстады, оның ішінде 26-сы чат-боттардың әкімшілері мен ұйымдастырушылары, 74-і есіртікіні бөліп, сақтаушылар, 364-і курьерлер, 58-і зертханаларды ұйымдастырушылар және 26-сы граффити сызбаларын қолдануға арналған трафаретшілер. 84 интернет-дүкендер мен чат-боттар анықталды», деді Данияр Оралов Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Жылдың басынан бері 179 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, 69-ы бұғатталды.

Бөлісу:
Жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар