Оқиға
1 мин оқу 231

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Атырау облысында ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының Мақат - Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымында болған.

Анықталғандай, «Toyota Ipsum» жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан 4 адам қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген Атырау облысы ДП баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар