«Шаңырақ» балалар ауылының директоры қызметінен шеттетілді
<p style="text-align: justify;">«Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу аясында атқаратын қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұған дейін «Немолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Тансари өзінің Facebook парақшасында балаларды ұрып-соғу фактісі туралы хабарлаған еді. Оның айтуынша, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленуші аталмыш қорға жүгінген. Бала интернат директоры оны және басқа да балаларды мезгіл-мезгіл ұрып-соғатынын мәлімдеді.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінен түскен өтініштен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу шаралары аяқталғанша балалар ауылының директоры қызметінен шеттетілді.