Парламент
1 мин оқу 304

Сенатта мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы қаралды

<p style="text-align: justify;">Сенатор Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заң жобасын қарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа құжат қабылданғанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет өткеру тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға, «орталық» пен «өңірлер» арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің ұтқырлығы мен ынта-ықыласын арттыруға серпін береді.

Заң жобасының міндеті - келісімшарт бойынша еңбек ететін қызметшілер институтын заңнамалық бекіту. Сондай-ақ заң жобасында мемлекеттік қызметшілерді алмастыру кезінде тұрғын үйді жалдау үшін ротациялық төлемдерді енгізу де бар.

Бөлісу:
Сенатта мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар