Өнер өрнегіндегі ынтымақтастық
<p style="text-align: justify;">Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Қазақстан композиторлар одағы» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Құжатты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов пен Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров қол қойып бекітті.
Меморандум қазақстандықтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және рухани-мәдени дамыту саласындағы ынтымақтастыққа бағытталып отыр.
Тараптар Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Қазақстан композиторлар одағының ынтымақтастығы пайдалы әрі жемісті болатынына сенім білдірді.