Қазақстан
1 мин оқу 272

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық &laquo;Болашақ&raquo; стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Еске салсақ, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген:

  • Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында;
  • Қабылдаудың екінші легі - 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
  • Үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
  • Төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Бөлісу:
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар