Теннис
1 мин оқу 191

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP турнирінің бірінші айналымын жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ерлер арасындағы отандық көшбасшы болгариялық Александр Лазаровпен (301 ATP) ойнаған. Бублик бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші ойында 1:0 есебімен болгариялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Екінші айналымда Александр US Open 2021 чемпионы ресейлік Даниил Медведевпен (7 ATP) ойнайды.

Бөлісу:
Александр Бублик Дубайдағы турнирдің екінші кезеңіне өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар