Қазақстан
1 мин оқу 430

Қазақстанда халық саны өсті

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы ұсынған соңғы деректерге сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 788 254 адамды құрайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл ретте қала халқы 12 227 458 адамды, ауыл халқы 7 560 796 адамды құрады.

Қазақстанда 9 658 685 ер адам, 10 129 569 әйел адам бар.

1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 609 жаңа туған нәресте тіркеліп, 12 147 адам қайтыс болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізге 2778 адам келсе, елден 990 адам кеткен.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ел халқының саны 19 765 004 адамды құрады. 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өсті.

Бөлісу: