Кәсіпкер
2 мин оқу 350

Жеке кәсіпкерге арналған бірыңғай төлем

<p style="text-align: justify;">Биыл 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Жаңашылдық &laquo;Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы&raquo; кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес қабылданып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыс берушілерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерлер бірыңғай төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге тиіс.</p>

Жеке кәсіпкерге арналған бірыңғай төлем

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бірыңғай төлем бұрын қолда­ныс­та болған 34%-дан еңбекақы төлеу қорына жиынтық жүктемені төмендету және төлеушілердің тек өзі­нің жалдамалы жұмыскерлері үшін жеке табыс салығын және белгіленген мөлшерлемелерден төмен жұмыскерлердің табысынан есептелетін міндетті әлеуметтік төлем­­дерді төлеуі мақсатында енгі­зілген. Мөлшерлеме жыл сайын ұлғая береді:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20 %;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5 %;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8 %;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 %;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 %;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 %.

Бірыңғай төлем мөлшерлемесінің жыл сайынғы ұлғаюы 2024 жылғы 1  қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының енгізілуіне байланысты, мөлшерлеменің 2028 жылғы 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғаюы, сондай-ақ бірыңғай төлем төлеушілер үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің 3,2%-дан 4,5%-ға дейін өзгеруіне байланысты.

Бірыңғай төлем жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарнасын, МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдарды қамтиды.

Бірыңғай төлемді төлеуші есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы банк шотына бірыңғай аударылатын айды көрсете отырып, қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді. 

Бөлісу: