Жаңалықтар
1 мин оқу 250
Мұқтаж жандарға Астана күніне орай материалдық жәрдем көрсетіледі
АСТАНА. 24 маусым. Елорда күні қарсаңында мұқтаж жандарға 3000 теңге көлемінде бір реттік ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Аталған көмек ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алатын тұрмысы төмен отбасыларға және Астана қаласы ардагерлер кеңесінің тұрақты қызмет ететін комиссияларының мүшелеріне беріледі.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.Бөлісу: