Оқиға
1 мин оқу 293

Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді

<p style="text-align: justify;">1 наурыз күні сағат 00:20 шамасында республикалық маңызы бар Форт-Шевченко &ndash; Ақтау тас жолында кетіп бара жатқан&nbsp;Ford mondeo автокөлігін арнайы тексеру кезінде&nbsp;150 келі көлемінде заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br /><br /></p>

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық Kazakh Osseter ЖШС мекемесіне жіберілген.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бөлісу:
Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар