Шавкат Рахмонов: Головкин өте мықты боксшы, бірақ...
<p style="text-align: justify;">UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://vesti.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Vesti.kz-ке</a> сілтеме жасап.</p>
Тілші спортшыдан боксшы Головкинмен байланысы жайлы сұраған.
«Ортақ таныстарымыз бар, алайда жеке сөйлескен емеспіз. Ал жекпе-жектерін үнемі тамашалаймын», деді Шавкат Рахмонов.
Тілшінің қосымша сауалына жауап беру кезінде файтер отандасының өнерін қандай мақсатта тамашалайтынын да атап өтті.
«Гена - өте мықты боксшы, бірақ стиль мен тактика жағынан ол өзгеше жұдырықтасады. Әрине, тамашалап отырып та өзіңе қажет кішкене де болсын бірдеңе үйренуге болады. Дегенмен көбіне спортшылардың жекпе-жектерін қарсыластарын қалай сабағанын көру ұнағандықтан немесе күресу әдісін ұнатқандықтан тамашалаймыз ғой... Сондықтан бірдеңе үйрену үшін тамашалаймын деуге келмес», деді ол.