Қазақстан боксшыларының WBA рейтингіндегі орны анықталды
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz сайтына<a href="https://prosports.kz/kz/news/589353-kazakstandyk-boksshylardyn-wba-reitingindegi-orny-belgili-boldy"> сілтеме</a> жасап.</p>

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстан боксшысы Иван Дычко 15-орында тұр.
Бұл салмақта WBA титулын Александр Усик иеленді.
Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен тысқары қалса, Серік Мұсәділов 15-орынға жайғасты. Бұл салмақта франциялық Арсен Гуламирян чемпион атанды.
Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтағы чемпион - Геннадий Головкин. Сондай-ақ уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақ чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.