Футбол
2 мин оқу 250

Жаңарған «Ақсу»

<p style="text-align: justify;">Павлодардың &laquo;Ақсу&raquo; футбол клубы Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына қатысатын өз құрамын жариялады. Биыл командадағы ойыншылар құрамы 60 пайызға жаңарған.</p>

Жаңарған «Ақсу»

Жергілікті жанкүйерлер биыл «Ақсудан» жүлде күтеді. Ке­зін­де еліміздің 5 дүркін чемпионы атанған «Ертістің» жеңісті дәстүрін жалғастырарына сенімі мол. Былтыр Қазақстан бірін­шілігіне тұңғыш рет қатысқанына қарамастан, жерлестеріміз маусымды 6-орынмен түйіндеп, ала доп аламаны десе ішкен асын жерге қоятын футбол жан­күйерлерін жоғары орындардан үміттендіріп қойған. Әйтпесе, Ертіс жағасында орналасқан қалада көптен бері футбол тойы өткізілмегенін бы­лайғы жұрт жақсы біледі.

Жаңа маусымда Руслан Есімов жергілікті команда­ны ка­питан ретінде алаңға бас­­тап шығады. Клуб капита­ны «Ақсуда» былтырғы тамыз­дан ойнай бастаған, ал оған дейін «Екі­бастұз» бен «Ер­тіс», ақ­тау­лық «Каспий», қы­зыл­жарлық «Қы­зылжар» коман­даларының намысын жыртқаны мәлім.

Команда құрамы биыл 60 пайызға жаңарғанымен, ондағы 8 ойыншының Павлодар футбол мектебінің түлегі еке­ні қуан­тады. Өңірдің футбол резер­віндегі жас футболшы­лар «Спорт-Сити» спорт қала­шы­ғының жабық манежінде жыл бойы жаттығуға мүмкіндік алған. Алдағы уақытта өңірде жаңадан бес мектеп стадионы мен 20-дан аса шағын футбол алаңы салынады деп жоспарланған. Осының барлығы Ертіс-Баян өңіріндегі футбол деңгейін өсіреді деген үміт зор.

Айтып өтейік, жергілікті ойын­шылардан бөлек, биыл клуб­тың абыройын Қырғызстан ұлттық құрамасының футболшысы Қайрат Жырғалбекұлы, украиналық «Мариупольдің» түлегі Артур Мурза, қабардин-бал­қар футболының өкілі Ислам Жилов, Финляндия чемпио­натының екі дүркін жеңімпазы Фейт Обилор, бразилиялық қор­ғаушы Брайан Гарсия Сильва, сербиялық Никола Эскич қор­ғайды. Одан бөлек, кезінде «Ли­верпульде» ойнаған Тони Сил­ва, нигериялық Чиди Осукву, «Бен­фикада» доп тепкен Жилсон Коста, тағы бір бразилиялық Луис Гедеш жанкүйерлер сенімін ақ­тайды деген үміттеміз. «Ақсу» алғашқы тур ойынын сырт алаңда «Тобылмен» өткізеді.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу:
Жаңарған «Ақсу» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар