Өнер
3 мин оқу 560

Жайнады «Гүлдер» жаңғырған

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, Тартшы құрбым бір күй-ай...&raquo; Сонау алпысыншы жылдардың соңында қаз-қатар тізілген қыздардың осы әнге домбыра ұстап билегені көзкөрген жанның әлі есінде. Кейін бұл би &laquo;Гүлдердің&raquo; атын ел арасында ғана емес, шартарапқа да шығарды. Былтыр &laquo;Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік концерттік ұйымы аты аңызға айналған &laquo;Гүлдер&raquo; ансамблін жаңғырту жобасын қолға алған еді.</p>

Жайнады «Гүлдер» жаңғырған

Талантты жастармен қайта жасақталған шығармашы­лық ұжым күні кеше ғана тұсау­кесер-концертін өткізді. Сахнада – жаңа есімдер, жаңа үн, заманауи стиль, өзгеше образ. Қазақ өнерінің тарихында түрен салған әйгілі ансамбльдің жаңа құрамы мәдени сабақтастықты жал­ғай алатындарын дәлелдеді. Айтулы кешке «Гүлдердің» барша көрермені мен Пре­мьер-министрдің орынбаса­ры Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты.

ывы

Бүгінде қайта бүр жарған «Гүлдердің» ұлан-ғайыр қа­зақ даласының әр түкпіріне тараған атақ-абыройы әмбе­ге аян. Өз уақытында қо­ғам­ды дүр сілкіндірген шы­ғар­­машылық ұжымы Қы­тай, Үндістан, Германия, Жа­по­ния, Куба, Болгария, Моң­ғолия, Израиль, Оңтүстік-Шы­ғыс Азия мемлекеттеріне гастрольдік сапарларға шы­ғып, ұлт өнеріне тәнті еткен еді. Тарихты парақтасақ, ан­самбль алғашында 71 адам­нан құралыпты. Сара Ты­ныш­тығұлова, Роза Рым­баева, Қапаш Құлышева, Қай­рат Байбосынов, Айжан Нұр­мағамбетова, Мақпал Жүні­сова, Нағима Есқалиева, Майра Нүркенова, Сембек Жұмағалиев, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева басқа да әртістер осы ансамбльден ширығып шықты.

«Гүлдер» ансамблін жаң­ғырту жобасын жүзеге асы­ру мақсатында ұжымға шығар­машылық оқу орындарының түлектері алынды. Тәжірибелі тәлімгерлер – бас балетмейс­тер Анвара Садықова мен жо­баның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов шақырылған. Дәл осы жыл­дың маусым және шілде ай­ла­рын­да ансамбльдің құрамына өнерпаздарды қабылдау үшін тәлімгерлер Қазақстанның бірқатар қаласында кастинг жүргізді. Кейін ұжымның жаңаша бағыттағы қызу да­йындық жұмыстары бас­талып кетті. Ансамбльдің бұ­рынғы құрамында өнер көр­сеткен талантты әншілер мен кәсіби бишілер арнайы шақырылып, репертуары жаңа музыкалық шығармалар­мен жаңартылған. Мәселен, өнер ұжымының брендіне айналған «Бипыл» (хорео­гра­фиясы Д.Қияқованың), «Аса­таяқ» (хореография­сы З.Райбаевтың), «Малайзия биі» (хореографиясы Г.Из­май­лованың) және бас­қа да билер хореограф Та­тья­на Ауталипованың қаты­суы­мен жүргізілсе, жаңа хо­рео­графиялық композиция­лар­ды Гүлнәр Саитова, Ка­рина Хайтматова, Гүлден Фат­кулла, Евгений Моисеев, Карина Жиренбаева, Мөл­дір Нығымет сынды хореографтар қой­ды. Қазір қайта жасақталған ансам­бльдің құ­рамында 15 биші мен 9 музыкант бар.

Айта кетейік, қазір «Роза Бағланова атындағы «Қа­зақ­концерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымының басты мақ­саттарының бірі – осы ансамбльді жаңа құраммен көрерменге таныстыру болып отыр. Сондықтан биыл жалпы аталған ұйымға қарасты шығармашылық ұжымдарға 5 халықаралық және 3 рес­пуб­ликалық, 8 бағыттағы шет мем­лекетке және 5 бағыт бо­йынша республикалық гас­т­роль­дік сапар жоспарланып отыр. Соған сай «Гүлдер» де Оңтүстік Корея, Фран­ция, Бельгия, Венгрия, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және бас­қа да елдерде өнер көрсетеді. Ал ендігі концерт Алматы қаласында өтпек.

Аңыз-ансамбльдің жа­ңа толқынын дайындау жұ­­мыстары да оңай бол­ған жоқ. «Гүлдердің» бұ­рын­­ғы видеоқұжаттары сақ­тал­­ғанымен, архивтік құ­жат­­­тарды ақтарып отырып, сол кездердегі қазақ би өне­­рінде қолданылған қи­мыл-қозғалыстары мен би түр­лері­не қатысты құнды мә­л­і­меттер табылмаған. Сол себептен ансамбльдің басы-қасында жүрген шығар­машылық топқа осы бағытта да көп еңбек етуге тура келді.

Жаңа жобаға дайындық кезінде ансамбльдің мұра­ғаттық материалдары мұ­қият зерделеніп, топтың «Ал­­­­тын қорынан» ең үздік нө­­мір­лер іріктеліп алынды. Айту­лы кешке ансамбльдің ал­ғашқы солистерінің бірі, Қа­зақ­станның халық әртісі Роза Рымбаева, Клара Төлен­бае­ва, жас әншілер Мәди Сыз­дықов, Зарина Божакова, Ди­дар Әбдіхалық, Салта­нат Мең­діғалиева, «Turan» фольк­­лорлы-этнографиялық ансамблі мен «Steppe Sons» аль­­тернатив-фольк тобы қа­тыс­ты.

«Гүлдердің» орында­уын­да «Бипыл», «Асатаяқ», «Малайзия», «Хорезм», сон­дай-ақ музыкалық ком­пози­ция­ларға арналған түрлі ба­ғыт­тағы билері ұсынылды. Ән мен би кезек өрілген кеш барысында әйгілі ұжымның тарихынан сыр шертетін ­видеофильмдер көрсетілді. Оған қоса ансамбльдің бұ­рын­ғы өнерпаздары экран ар­қылы ыстық естеліктерімен бөлісіп, жаңа құрамға – жас таланттарға сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Жайнады «Гүлдер» жаңғырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар