Оқиға
1 мин оқу 2,630

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қайтыс болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін, 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының қарауыл бекетінде 1-курс курсанты көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды.

Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бөлісу: