Әлем
1 мин оқу 600

Пирамида ішінен жасырын дәліз табылды

<p style="text-align: justify;">Египеттің көне жәдіргерлер&nbsp;<a href="http://www.scanpyramids.org/index-en.html">өкілдігі</a> үлкен пирамиданың кіреберісінде жасырын дәліз бар екенін растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Пирамида ішінен жасырын дәліз табылды

Дәліздің ұзындығы - 9 м, ені - 2,1 м.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл дәліз әлі ашылмаған пирамидаға апаруы мүмкін. Ал жасырын дәліз муография деп аталатын бейнелеу әдісі арқылы табылды.

.

«Біз жасырын дәлізді зерттеу үшін, дәліздің қайда апаратынын табу үшін сканерлеуді жалғастырамыз», деді Мысырдың көне мұралары Жоғарғы кеңесінің басшысы Мостафа Вазири.

.

Биіктігі 146 метр болатын ұлы пирамиданы перғауын Хуфу немесе Хеопс салған. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 2609-2584 жылдар аралығында билік еткен.

Бұл пирамида ең көне және ең үлкен ескерткіштердің бірі болса да, оның қалай салынғаны туралы нақты мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Пирамида ішінен жасырын дәліз табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар