Әлем
1 мин оқу 3,240

Түркияда тағы жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология <a href="https://www.emsc-csem.org/#2">орталығына</a> сілтеме жасап.</p>

Зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

Бөлісу:
Түркияда тағы жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар